Қазақтардың діни түсінігін әлем, адам және оның жаны сияқты болмыстың негізгі мәселелері құрады. Абай қазақтардың мемлекеттілігінен айрылып Ресей империясына басыбайлы күй кешкен кезеңде өмір сүріп шығармашылығын тудырды. Мақсаты қазақ қоғамын жетілдіру болған ұлы ойшыл Абайдың философиялық дүниетанымының өзегі «адам бол!» идеясы болды. Ғасырлар бойғы көшпелі мәдениет пен өркениет мүлдем жат мәдениет пен өркениетпен бетпе-бет келген тұстар болатын. Бұл өте күрделі де кереғар түрдегі қайшылықтарға тола болған құбылыс әртүрлі жағдайларда жүзеге асты. Кейде үлкен қақтығыстарға соқтырса, кейде бейбіт-ымырашылдық жолмен өтіп жатты. Патша әкімшілігінің жүргізген экономикалық-саяси реформалары қазақ қоғамының әлеуметтік болмысының негіздерін өзгертуге бағытталды. Бұл өзгерістер сана болмысын айналып өте алмайтын еді. Бұл кездер Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік қазақтардың қоғамдық өмірінде, отбасылық өмірде де орнығып қалған еді. Дегенмен ресми исламмен қатар исламға дейінгі діни наным-сенімдердің қалдықтары да күнделікті тіршілікте сақталып қалды. Бұл діни синкретизм қазақ қоғамының қалың жұртшылығының діни сенімінің нағыз көрінісі болатын. Қазақтардың өз еркінен айрылып Патшалы Ресейге қараған шақтары оларды дінінен де айыруға әрекеттер жасалынып жатты. Ресей үкіметінің әкімшілігі өзінің жаулап алу саясатын жүргізе отырып, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын шоқындырып, христиан дініне тартуға аса ықыласты болды. XIX ғасырдың бас кезінде қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси жағдай өзгеріске ұшырай бастады. Қазақстанның Ресеймен шектес аудандарында ашаршылық күшейген сайын Патша үкіметінің әкімшілігі қазақтардың балаларын көптеп сатып алып, оларды православие дініне кіргізуге кірісті. Қазақтардың Ресейдің шекаралас ішкі губернияларының аумағына өтуінің «занды» жолдарының бірден-бір тиімді тәсілі, христиан дінін қабылдау еді. Бұл жағдайда олар төлқұжаттық алымдар төлеуден босатылды. Жаңа дінді қабылдағандардың жұмыс іздеп, Батыс Сібірдің селолары мен қалаларына тегін және ешқандай кедергісіз өте беруіне рұқсат етілді. Христиан дінін қабылдаған қазақтардың барлығы да әдетте қазақ қоғамының әлеуметтік төменгі кедей тобының өкілдері еді. Және де бұл таңдау шарасыздықтан туындағаны айтпаса да түсінікті. Бөтен дінді қабылдаған қазақтар алдымен материалдық жағдайларын жақсартуды көздегендігі белгілі. Ш.Уәлиханов Сібір даласында құзырында молдаларды тағайындау, округтерде мешіттер салдыру, татар училищелерін ашуды ұйғару болған Сперанскийдің істерін сынға алады. Бізді қайран қалдыратыны сол Сперанский өзінің «мекемесі» жайында айтқанда, қазақтар – есімімен ғана мұсылман, сондықтан оларды христиандыққа т.б. дінге айналдыру оңай. Бұл салауатты, ақылды адамның осындай надандық, тағылық ілімді уағыздаушы, таратушы болуына не зор келді екен? ... бірақ қазақты христиандыққа айналдыру саяси жағдайға сай келмейтін еді. Ол заман өтті, прюдеризм моды емес. Содан кейін біздің қырда діни орындар кімнің қолына берілген, қазақ халқының діни өнегесі, діншілдігі кімге тапсырылған дейсіз! [1]. Ағартушы-ғалым қырда татардың шала молдасы мен Орта Азиядан шыққан кезбе дәруіштердің қаптап кеткендігі жөнінде, ол діни 79 ағзамдардың халықтың пиғылы мен ниетінің азғындауына әсер еткені, пара алғаны сияқты кесапатты әрекеттерін сынады Шәкәрім Құдайбердіұлының Құнанбай қажы жайынан жазған сөзінен қазақтар арасында исламның қалай жайылғанын, мұсылмандық ілімді тарату жолдарын байыптауға мүмкіндік береді. Өз бетінше түркіше хат танып, түркі кітаптарын оқитын халге жеткен Құнанбай елге келген ноғай молдаларды сақтап, елсізге үй салғызып, қазақтың балаларын жиып алып оқытып, хат танытқан. Қажы марқұмның алдына келген қазақ бұрын намаз оқымаса, намаз оқушы еді. Насыбай харам деп бір молда айтқан соң, насыбай атқандардың мұрнына тотияйын құямын деп насыбайшыларды тыйып еді. Бұрын зекет бермейтін қазаққа зекет бергізген де сол кісі еді. Осы күнгі Қарқаралыдағы мешіт сол кісінің салғызып құдайы қылған мешіті еді... Қажы марқұм аға сұлтан помощник те болып еді, бірақ ондағы мақсаты, жалғыз ғана дүние мақтаны үшін ғана емес, қазаққа қадірлі болсам, не қорқытып, не сыйлатып шариғат жолына түсіндірермін деген ойы еді. 1874 жылы қажыға барғанында қазақ қажылары тұсетұғын Мекеде бір тәкия, яғни үй сатып алып, құдайы қылып еді. Осы күнде кіші тәкия деп атайды. Кіші жүзден Сұлтан деген бек ғалым жігіт ие болып тұр [2]. Ұлы атасы Абайдың әкесі Құнанбайдың ислам дінін таратудағы еңбегі мен қызметі жайындағы Шәкәрімнің бұл құнды жазбалаларынан Абайдың діни санасының қалыптасуында әке рөлі, тағылымы зор болғаны анық байқалады. Шәкәрімнің өзі 1905-1906 жылдарда қажыға барғанда осы тәкияны көргенін айтады. Мұсылманша ауыл мектебін бітірген Абай Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде оқыған. Құранды оқып игерген діндар адам болған. Зерттеушілер Абайды кейбір мәселелерді шешумен байланысты суфизм позициясында тұрғанымен, суфизмнінң кейбір идеяларын мойындағанымен, оның философиясы аскетизмге емес, прагматизмге құрылып, өмірмен байланысқан философияға жатқызады Ал кейбір мәселелерді қарастырғанда суфизмді мойындамағандығымен қоймай, оған қарсы шығады [3]. Абай өзінің отыз сегізінші сөзінде: «Яғни пенделіктің кәмәләты әулиелік бірлән болатұғұн болса, күллі адам тәркі дүние болып һу деп тариқатқа (дін жолы) кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейді?», – деп жазды [4]. Ислам дінінде Алла мен Адам арасында тікелей қатынас орнатылған. Бұл қатынас бес уақыт намаз канондарымен орындалады. Адам күнделікті күйбің тіршіліктен бір сәтке болса да бас тартып, Алласына сыйынады. Намаз жалған дүние мен мәңгілік дүние арасындағы көпір. Адамды жасаған күнәләрі үшін Жаратқаннан жалбарына кешірім сұрайтын, Алланың ризашылығына бөленетін, Алланы көрмесе де, Алла көріп тұрғандығына сенетін адамның экзистенциалдық халі. Ал енді осы ислам дініндегі басты парыз – намазды қазақтар қалай оқып жүр деген мәселеде Абайдың өз замандастарының құлшылығына көңілі толмайды. Қазақ құлшылығым құдайға лайықты болса, екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды қылып, жығылып тұрса болғаны...Тілін жаттықтырып, дінін 80 тазартып, ойланып үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың десе болад тағы, тілімнің келмегенін қайтушы ед» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па? [4]. Қазақтар арасындағы құдайға деген құлшылықты салғырттыққа, бойкүйездікке салынып дұрыс атқармайтындығына налиды. Дегенмен қазақтар бірте-бірте араб тілін үйреніп, намазға да топ-тобымен жығыла бастады. Қазақтарға ислам дінінің негіздерін түсіндіру мақсатымен халық ағартушысы Ыбырай Алтынсарин «Шараиат – ул – ислам. Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабын жазуға үлкен дайындықпен кіріседі. «Қазіргі кезде қазақ арасында Мұхаммедтің діни оқуы жайылып, етек алып барады. Бұл діни оқуды көбінесе татар және Бұхар молдалары, Бұхар медреселерін оқып шыққан қазақтар жүргізіп отыр... Бұхар және татар молдаларының рухани білімінің бағыты, жалпы алғанда белгілі. Олар бір жағынан, өздерінің жеке мүдделерін көздеп, екінші жағынан, өздері бір бағытта ғана сыңаржақ тәрбие алғандықтан, қарапайым халық өзінің діні не екенін түсінбейді. Қазақ жұртына пайда келтірмек ниетпен, һәм қараңғы туғандарымызға түсінікті тілмен өзінің дінін түсіндіру үшін бұл кітапты жазуға кірістім. Мұның өзі ... біріншіден қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеулері үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мен соңғы кезде Мұхаммед шариятын үйрене бастап... осы оқу құралын құрастыруға кірістім» – дейді Н.И. Ильминскийге жазған хатында [5]. Ы. Алтынсариннің дінтану ғылымына қосылған қомақты еңбегі алғашында 1884 жылы Қазан университетінің баспаханасынан араб әріптерімен басылып шықты. 1894 жылы Орынбор қаласында киррил таңбасымен қайта басылды. Бұл оқу құралы қазақ мектептерінде мұсылман діни оқуын үйретуге нағыз лайықты болды. Ол қазақ тілінде түсінікті жазылды. Оқу құралының бірінші тарауы Иман туралы, екіншісі – Әнғам заһир (ақиқат) туралы, үшіншісі – Адамдарға тиісті, тиіссіз болған мінездер туралы, төртінші – намаз ішінде оқылатын дұғалардың қазақша мағыналары қамтылып, кітаптың соңында арабша 143 сөздің қазақша мағынасы берілген. Ыбырай қызмет еткен тұстары қазақ мектептері мен медреселерде оқылатын «Иманшарт», «Кәлем шариф», «Әптиек», «Мұхтасар» араб тілінде жазылған-ды. Олардың мазмұнын оқытатын молда да, оқитын шәкірттер де түсінбей, құр қарасын жаттайтын. Ал Ыбырай Алтынсарин жазған бұл оқу құралы қазақтар үшін өте қажетті еді.Қазақтардың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезендегі діниахуалы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Сахабалар тарихы. Қазақ қажылары» атты дереккөздеріде: «Біздің бұл құлақ есіген жерде Уақ Нүркен байдан бұрын қажыға барған кісі жоқ, ол кісі тоқал қатынымен кетіп, Семей қаласы, Аягөз, Піскек, Тоқпақ, Алматы, Әулиеата, Ташкент, Бұқар жолымен төрт жыл жүріп, аман-есен барып келген. Сол Нүркеннен соң қажыға Күлік Самай сопы мен Баян қаласынан дуан аузы алғаш ашылғанда, указ болған Байжан хазірет екеуі кетіп, екеуі де сол жақта өлген. Бұлардан соң үшінші қажыға барған кісілер: тобықты Құнанбай, Айдабол, Қишыл, Қыстаубай, Малай, Жәдігерлерден – Егізек, Жанайдар батыр. Орта жүзден жиырма кісі барыпты. Кіші жүзден табандаған 81 жүз кісі барыпты. Мұнан бұрын қазақ бүйтіп бас қосып қажыға бармаған екен», – деген мәліметтерінде сипатталған [6]. Мұсылмандық парыздың бірі қажылық сапары қазақтар үшін жол азаптары мен құжат жасау қиындықтары т.б. да кедергілерден өтіп барып мүмкін болған. Сол қиындықтардың бәріне тәуекел еткен қазақ қажылары бұл сапардан рухани марқайып, діни санасы жағынан нық сенімге ие болып жетілген қалыпта оралды. Бұл үлкен құлшылық қажыға барғандардың діни білімдерін жетілдіруге, нәпсіні тәрбиелеуге зор ықпал етті.
Әдебиеттер тізімі:
- Байтенова Н.Ж., Қабылова А.С., Ромашева А.Қ. Абай философиясындағы толық адам идеясы // Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Жиырма томдық. 19-том. Астана: Аударма, 2006. – 536 б.
- Қасымжанов А. Х. Дала кеңістігі // «Әлемдік философиялық мұра». Жиырма томдық. 20-том. «Қазіргі түрік философиясы». – Алматы: Жазушы. 2009. – 512 б.
- Абай. Қара сөз. Поэмалар. Алматы: Ел. 1993. – 272 б.
- Алтынсарин И. Письмо к Н.И. Ильминскому от 29 июля 1882 г. // Собрание сочинений в трех томах. Том 3. Алма-Ата: Наука, 1978. – 352с.
- Көпейұлы Мәшһүр Жүсіп. Шығармалар. 8-том. – Павлодар, «ЭКО» ҒӨФ, 2006ж. – 452 б.
- Акатай С. Древние культы и традиционная культура казахского народа. – Алматы. КазНИИКИ, 2001. – 363 с.
Олжабай Н.,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің магистранты,
Мұқан Н.,ғылыми жетекшісі,м.а. доцент