Қазақтардың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезендегі діни ахуалы
Қазақтардың діни түсінігін әлем, адам және оның жаны сияқты болмыстың негізгі мәселелері құрады. Абай қазақтардың мемлекеттілігінен айрылып Ресей империясына басыбайлы күй кешкен кезеңде өмір сүріп шығармашылығын тудырды. Мақсаты қазақ қоғамын жетілдіру болған ұлы ойшыл Абайдың философиялық дүниетанымының өзегі «адам бол!» идеясы болды. Ғасырлар бойғы көшпелі мәдениет пен өркениет мүлдем жат мәдениет пен өркениетпен бетпе-бет келген тұстар болатын. Бұл өте күрделі де кереғар түрдегі қайшылықтарға тола болған құбылыс әртүрлі жағдайларда жүзеге асты. Кейде үлкен қақтығыстарға соқтырса, кейде...